Қазақ тiлi
Қазақ тiлi, 29.10.2020 23:15, DarkneSS341

СОР ПО КАЗ ЯЗ ЗДЕЛАТЬ 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Оқылым
1-тапсырма

Мәтінді оқып, тапсырмаларды орында.

Жаһандық энергетикалық тоқырау нышандары алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында орын ала бастады. Әлемде мұнай бағасының тұңғыш рет күрт көтерілуі энергетикалық дағдарыс туғызып, бүкіл дүние жүзінің экономикасына әсерін тигізді. Көп ұзамай мұнай бағасы тұрақтап, энергетикалық даму қайтадан қарқын алды. Бірақ осы бір оқиға арзан да мол мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқандығын аңғартты. «Жаһандық энергетика дағдарысының болмай қоймайтынын бүгінде барша жұрт толық түсінеді, сондықтан да техника мен ғылым үшін қуат проблемасы алдыңғы қатарға шығып отыр», -деп жазды атақты П. Л.Капица 1975 жылы.

Иә, көмір адамзат тарихындағы өнеркәсіптік төңкеріс дәуірін бастады. Ал ХІХ ғасырда а электр қуатын ойлап тауып, өнеркәсіптік төңкеріс жетістіктерін еселей түсті. Қолжетімді әрі сенімді көмір, мұнай және газ сияқты қазба отын көздерінің арқасында адамзат ХХ ғасырда энергетикалық молшылық дәуірін бастан кешірді. Оның молшылығы соншалық, жер шарын мекендейтін жеті миллиард халық электр қуатынсыз «шырпы басын сындыра алмайтын» халге жетті. Тіпті, жаһандық ауқымда жарты күн электр энергиясы болмай қалса, техногендік дәуір перзенттерінің тіршілігі толық тұралап қалар еді. Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның шексіз энергетикалық сұранысын дәл бүгінгі күні де көмір, мұнай және газ арқылы өндірілетін электр қуаты қамтамасыз етуде.

«Судың да сұрауы бар» демекші, қазір адамзат алдында энергетикалық тоқырау атты тығырық тұр. Қазіргі таңда өркениет әлемін энергетикалық шикізат көздерінің жетімсіздігі, олардың бағасының жылдан-жылға көтерілуі ерекше алаңдатып отыр. Бүгінгі энергетикалық тоқырау салқынын сезінген өркениет әлемі ертеңге энергетикалық қатер атты проблеманы күн тәртібіне ашық шығаруда. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша, алдағы жылдары индустриялық дамыған елдердің электр энергиясын тұтынуы жылына 1,3 пайызға, ал дамушы мемлекеттердің электр энергиясын тұтынуы жылына 4,2 пайызға артады.

1.Сөйлемнің «шын, жалған» екенін белгілеңіз

Тұжырымды сөйлемдер шын жалған

А) Әлемде мұнай бағасының күрт көтерілуі энергетикалық дағдарысты туғызды.

В) Энергетикалық молшылық дәуірінде адамзатқа көмір, мұнай және газ қолжетімді болды.

С) Бүгінгі күні энергетикалық шикізат көздері жеткіліксіз және олар жылдан-жылға арзандап жатыр.

D) Әлемде энергетикалық қатер атты проблема күн тәртібіне қойылмаған.

2. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендір.

Ақпарат Ақпарат Сәйкестендіру

1.Мұнай бағасы тұрақтап, а электр қуатынсыз өмір сүре алмайтын халге жетті.

2. Жер шарындағы халық b дамыған елдер мен дамушы мемлекеттердің электр энергиясын тұтынуы артады.

3.Адамзат тарихында көмір с энергетикалық даму қайтадан қарқын алды.

4.Болжам бойынша d өнеркәсіптік төңкеріс дәуірін бастады.

3. Асты сызылған есептік сан есімді болжалдық сан есімнің екі түрінде айналдырып жаз:

«Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның шексіз энергетикалық сұранысын дәл бүгінгі күні де көмір, мұнай және газ арқылы өндірілетін электр қуаты қамтамасыз етуде».

4. Мәтіннен бөлшектік сан есімдерді тауып, сөзбен жаз.

Жазылым

Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз.

болжалдық және бөлшектік сан есімдерді дұрыс қолданыңыз.

1. Білім. Ғылым. Инновация

Ақпараттық технологиялар, медицина, ауыл шаруашылық , сауда, өнеркәсіп саласында ғылым бар екенін дәлелдеп, бірнеше жобаларда жұмыс істеп, халықаралық патенттер алып үлгерген жастар бар. «Қазақстанның жас ғалымдары» жайында мақала жазыңыз.

2. Ақшаны үнемдеу - табысты молайту ма?

Сіздің мектебіңізде 16 қараша күні ҚР тәуелсіздігіне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілетінін елестетіңіз. Жергілікті газетке осы жәрмеңке туралы пікір жазыңыз. Көрген, алған әсеріңізді сипаттап жазыңыз.



СОР ПО КАЗ ЯЗ ЗДЕЛАТЬ 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫОқылым1-тапсырмаМәтінді оқып, тап

Ответ
Всего ответов: 3


Похожие вопросы

Предмет
Қазақ тiлi, 03.03.2019 18:58, XxXRePlayXxX
Сор по казахскому языку 5 класс
Ответов: 1
Предмет
Қазақ тiлi, 13.03.2019 09:54, maksi0071
Соч по казахскому 7 класс 3 четверть ​
Ответов: 2
Предмет
Қазақ тiлi, 03.04.2019 09:27, йцукен56
Сделайте 6 вопросов по тексту
Ответов: 3
Предмет
Қазақ тiлi, 04.04.2019 08:12, ренатка6
Сұрақтарға толық əрі қысқа жауап беріңдер. жауаптарыңда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дұрыс дыбысталуын, үндестік заңын сақтаңдар.​
Ответов: 3
Предмет
Қазақ тiлi, 09.04.2019 07:46, eiapple02
Берілген жәй сөйлемдерден шартты бағыныңқылы сабактас сөйлем құрандар: радияциялық аймакта тұратын бар. бұл сынақтардан көптеген зардап шегеді.семей полигоны жабылмайды. халықтың денсаулығына әсері тиеді.бұл аумақта көптеген жарылыстар жасалған. невада семей қозғалысын олжас сулейменов басқарған. сынактар токтатылды
Ответов: 1
Предмет
Қазақ тiлi, 09.04.2019 16:44, xxxromsavxxx
Сделать анализ стихотворения по плану: 1) мəселе- 2)себептері- 3)дəлелдемелер- 4)қорытынды- шағым. шып-шып етіп молданың қолындағы тобылғы, қозғалтпайды жон жағым, талай дүре соғылды. торсылдатып танадай, жыртар болды тонымды. тілің ащы деп, қайнатты әбден сорымды. оқымай-ақ кетейін, байламаңыз жолымды. алдыңыздан өтейін, не жазып ем сол ғұрлы? ! оқымаймын молдадан, екі иығын қомдаған. келсе сабаққа, жем аңдыған дорбадан. ақ сәлдесі басыңда, боз інгендей боздаған. қайтіп сабақ береді, айтқаны ішке қонбаған. оқығанша мен одан, домбыраны қолға алам. өлең кірген түсіне жөргегінде мен болам. қинама, әке, қинама, болмас енді зорлаған! (жамбыл жабаев)
Ответов: 2
Предмет
Қазақ тiлi, 11.04.2019 08:46, scumak399p07zdf
Берілген сөздің жасалу жолы амангелді
Ответов: 1
Предмет
Қазақ тiлi, 11.04.2019 14:49, МилаКу
Перевести стихотворение. скажу сразу я пытался перевести в различных переводчиках но они выдавали полную хрень а не перевод. заранее большое. ​
Ответов: 3
Вопросов на сайте: